Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

891

0

Қайрат Жансұлтанұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қайрат Жансұлтанұлы 1980 жылы 19 наурызда дүниеге келген.2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және Менеджмент» және 2016 жылы ҚазТұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2005-2012 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының су ресурстары бөлімінің басшысы болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<