Бастауыш мұғалімдеріне арналды

709

0

Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда тиімді оқыту мен оқуды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Мектеп-лицейде өткізілген семинар мазмұны бастауыш сыныптарда тиімді оқыту мен оқуды ұйымдастыру, сабақты жоспарлау мәселелеріне арналды.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері: қысқа мерзімді жоспарлау алгоритмін нақтылауды, сабақ мақсаттарын SMARTкритерийлеріне сәйкес құрастыруды, орта мерзімді жоспарлаудағы тілдік дағдыларды дамытуды, бағалау критерийлерін анықтауды үйренді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуды, тиімді оқыту мен оқу тәсілдерін жүзеге асыруды; қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді жоспарлауды меңгерді.

Семинардың қорытынды бөлігінде сындарлы диалогта сұрақ-жауап арқылы мұғалімдерқиындық келтіретінтақырыптар аясындағы сауалдарына мазмұнды жауап алып, кері байланыста бүгінгі бас қосудағы жұмысқа бағаларын берді.

Алдағы уақытта институт тренерлерінің қолдауымен мектеп-лицейпедагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері жүргізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинарлар, шебер сыныптар өткізу жоспарлануда.

Ақманат Басанова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<