Бейнекамера арқылы 11 408 құқық бұзушылық анықталды

331

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, жыл басынан бастап «102» арнасына 9 255 қоңырау түсіп,хабарлама бойынша қызмет көрсетілген. Ал Жедел басқару орталығының көмегімен 11 408 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде жол ережесін бұзғандар 9 236 анықталған. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында, бейнебақылаушы инспекторлардың көмегімен ұсақ бұзақылық деректері бойынша: қоғамдық орынды ластау – 1178 дерегі, қоғамдық орында мас күйінде жүру-1178, қайыршылық – 52 және басқада құқық бұзушылық 384 дерегі анықталған.

«102» мобильді қосымшасына 8 хабарлама түсіп, 6-не әкімшілік хаттама толтырылған және дабыл кнопкасына 2 хабарлама түсіп 1-не әкімшілік хаттама толтырылып, 1-і арыз алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<