Белсенді қозғалыс – салауатты өмір салтының негізі

788

0

Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру үшін облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан облыстық психикалық денсаулық орталығы пациенттері арасында спорттық іс-шара өтті.

Футбол, үстел теннисі, ауыр атлетика, дойбы, 100 метрлік жүгіру, армрестлинг сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа 11, 12, 13, 14, 16 бөлімшелерінің пациенттері қатысты. Барлық бөлімшелердің өкілдері жарыстарда өздерін лайықты көрсете білді және жеңімпаз атанды.

Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін өздерінің алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін бағалады. Жарысқа қатысушылар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<