Бензин бағасы әлі де өседі – сарапшы

555

0


Бензин мен энергия тасымалдаушылар бағасы өсіп жатыр және өсе береді. Бұл туралы мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі өсім мұнайдың әлемдік бағасының өсуімен тұспа-тұс келді, сондықтан әлемдік бағалармен бірге бізде де бензин бағасы өсті деген қате пікір қалыптасты. 20 наурызда жазғанымдай, сол кездегі бағалар мұнай өндіруші және өңдеуші компаниялар үшін тиімсіз болды.

Нарықтық экономикада бағалар бір жыл бұрын өсуі тиіс еді, бірақ 2020 жылғы қаңтардан бастап, тұтынушылық төмендеп, қайта өңдеуге арналған акциздердің өсуіне қарамастан, баға өзгерген жоқ», – деді Олжас Байділдинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сарапшы бір жыл бұрынғы жағдайға айрықша тоқталды. «Бір жыл бұрын көптеген «сарапшылар» бір сөзді қайталады: мұнайдың әлемдік бағасы 3 есе төмендеді, демек Қазақстанда да баға 3 есе құлдырауы тиіс.

Ішкі нарықтағы бағалар бұрыннан бері дотацияланады және олар әлемдік бағадан едәуір төмен», – деп толықтырды Олжас Байділдинов. Оның айтуынша, баға қымбаттағанша Қазақстан әлемдегі ең арзан бензин бойынша 7 – орында болса, қазір 8-9-орында тұр.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<