Білім саласы басты назарда

1048

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен 2023 жылы оқушылардың тасымалына байланысты Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей, Жанқожа батыр атындағы №70, Ж.Жабаев атындағы №234 мектептерге замануи үлгідегі жаңа автобус берілді

Мұнан бөлек Әйтеке би кентіндегі Достық аймағынан бой көтерген 250 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді

Биылғы жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс көлемінде 21 мектеп салынатын болса, оның 2-еуі біздің ауданнан бой көтереді

Қазіргі таңда Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүргізілуде. Осы жылы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында аталмыш жоба аясында 600 орындық мектеп құрылысы басталады деп жоспарлануда

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<