«Біліммен биіктерге…» жобасы басталады

669

0

Қармақшы ауданында «Birgemiz»: «Bilim» жалпыұлттық бағыты аясында «Біліммен биіктерге…» жобасы жүзеге асырылмақ.

Жобаның басты мақсаты балаларды ағылшын тіліне баулу. Бұл бастама аясында аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың балаларын қамту жоспарлануда.

Жобаға қатысушылар ағылшын тілінің бастапқы негіздерін үйрене отырып, ойын, тренинг, семинармен кездесулерге қатыса алады. Айта кету керек, оқыту тегін жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<