Бірінші сыныпқа қанша бала бармақ?

377

0

Облыста 1-сыныпқа қабылдауға 15 мыңға жуық өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 92,3%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Ал құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталатын болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Оқу-ағарту министрлігі қызметті автоматтандырып, құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы қабылдануда. Сондай-ақ, ата-аналар құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыра алады.

«Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталады. Сол себептен де ата-аналарға уақытында құжат тапсыруға кеңес береміз. Ал, 1 тамыздан бастап мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталғанына үш ай өтті және осы уақыт ішінде 15 мыңға жуық өтініш түсті. Оның 95%-ы электронды форматта қабылданды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің үлесі бүгінде 92,3%-ға жуықтады. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіштер Жаңақорған (96,8%), Шиелі (96,8%) және Қазалы (95,8 %) аудандарында тіркелді», – деді облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы Нұрлан Дәулеталиев.

Айта кетейік, аймағымызда жаңа оқу жылында 19 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады деп күтіліп отыр.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<