Бірқатар өңірде үсік жүреді

753

0

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында үсік болады деп ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет мәліметінше, 13 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында секундына 15-20 метрге жетеді.Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Түнде облыстың оңтүстік жартысында 2 градус үсік күтіледі. 

Нұр-Сұлтанда 13 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

13 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші секундына 15-20 метр болады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. Облыс көлемінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<