Бірлескен істе береке бар

243

0

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – мемлекет пен жеке меншіктің бірлесіп жұмыс істеуі, екі тараптың өзара тиімді ынтымақтастығы.  Мұндай әріптестік жобаларын іске асыру тек жергілікті бюджеттің ауыртпалығын төмендетіп, жеке инвестицияларды тартып қана қоймайды, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарта түседі. 

2017 жылы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыру тетіктері жеңілдетілді.  Қазір бұл реттегі жобаларды дайындау үдерісі 5 тен 3 кезеңге азайды, соған сәйкес жобаны дайындау мерзімі 7 айдан 3 айға дейін кеміді. Бұл, әрине, үлкен жеңілдік. Еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген балабақша, емдеу-диагностикалық орталықтары, спортзалдар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы бой көтеріп, пайдалануға берілуде. Ал Қызылорда облысы – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша еліміздегі үздік бес аймақтың бірі. Жүзеге асырылатын жобалар экономиканың барлық салаларын қамтып отыр.

2018 жылы облыс бойынша экономиканың барлық салаларында мемлекеттік-же­­­ке­меншік әріптестік ая­сын­­да құны 34 млрд тең­гені құрайтын 84 жобаны іске асыру жұмыстары жүргі­зіл­ді. Атап айтқанда, денсау­лық сақтау саласында – 29, тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шы­лығы саласында – 20, дене шы­нықтыру және спорт са­ласында – 12, білім саласында – 7, цифрландыруда – 6, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары саласында – 5, мәдениет саласында – 2, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық тәртіп және экология салалары бойынша бір-бір жобаның жұмыстары атқарылды. 

Олардың ішінде 32 жоба бойынша мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік шартына қол қойылды (қабылданған мемлекеттік міндеттеменің құны 10,5 млрд теңге). Оның басым бөлігін денсаулық сақтау саласы құрап отыр. Бұлардың жүзеге асырылуымен облыс көлемінде 12 дәрігерлік амбулатория, 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және бір ауысымда 400 келушіге арналған емхана  халыққа қызмет көрсетуді бастайды. Сондай-ақ облыс орталығындағы №101 мек­тептің бу қазандығы қай­та жаңғыртылса, Шиелі кен­тіндегі іске қосылған цемент зауыты орналасқан индуст­риялық аймаққа газ желілері тартылады, сонымен қатар осы аудандағы әлеуметтік нысандар газдандырылады.

Осылайша әріптестікті дамыту мемлекеттік пен жеке ынтымақтастықтың тиімділік процестерін жеделдетуге ық­пал ететін Қазақстанның эко­номикалық саясатының өзекті бағытына айналып отыр. Міне, 2019 жылдың екінші айына аяқ басып отырмыз. Соңғы мәліметтерге қарағанда, облыста осы бағыттағы жобалар саны 118-ге жетіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<