Бұрқасын, көктайғақ және жел: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы

595

0

Сурет: ашық дереккөз

Синоптиктер 17 сәуірде күн райы нашарлауына байланысты 13 аймақта ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

17 сәуірде Астанада түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жететін жел күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады. Күші 15-20м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады.

Абай облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<