Бұршақ, аптап ыстық, тұман. Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

171

0

Қазгидромет бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Қостанай облысында найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

26-28 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында да өте жоғары өрт қаупі болжануда.

26 маусымда Ақтөбе облысының солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ 38 градусқа қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз