Дарынды оқушылар қатары көбейіп келеді

695

0

Облыстағы «Дарын» қосымша білім беру орталығының үздіктері халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.  Аталған білім беру орталығында кейінгі 10 жылда 500-ден астам оқушы жеңімпаз атанған.

– Жылдан жылға пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың маңызы артып келеді. Бүгінде оқушыларымыз халықаралық, республикалық дәрежедегі білім додаларында бақ сынауда. Мәселен, биыл халықаралық «Жібек жолы», «Азия-Тынық мұхиты» олимпиадасында 1 оқушы күміс медаль, 7 оқушы қола медаль иегері атанды. Жас өрендерді ғылым жолына бағыттайтын республикалық ғылыми-жобаларда 7 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 3 оқушымыз Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын ұтып алды. Сонымен қатар облыс әкімдігінің қолдауымен дарынды балаларға арналған «Сыр дарыны» білімділер академиясының жұмысы жанданып келеді. Нақты кезеңде білім беру ұйымдарында 8-9 сыныптың 100 оқушысы бірнеше пән бойынша оқыту курстарының бірінші кезеңінен өтіп жатыр, – дейді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Айжан Қиянбекова.

Айта кетейік, талантты балаларды және жастарды қолдау мақсатында «Ел үміті» бастамасы облыста кеңінен жүргізілуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<