ДДҰ коронавирусқа қарсы вакцина патентінен бас тартуды сұрады

549

0

ДДҰ мемлекеттерді коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрілер бүкіл әлемде еркін қолданылу үшін олардың патентінен бас тартуға шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Российская газета» басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бұл келіссөздердің тезірек өткені керек. Коронавирусқа қарсы вакцинаның патентін уақытша алып тастау ұсынысына қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көзқарасы осындай.

«Зияткерлік меншік проблемалары шешімін тауып жатқанда, елдердің білім алмасып, технологияны бөлісуге атсалысуы одан да маңызды. Егер тиісті технология мен ноу-хау неғұрлым көбірек білікті өндірушілерге берілетін болса, вакцинаны өндірудің қиын процесін жылдамдатуға болады. ДДҰ мүше мемлекеттер мен қазіргі өндірушілерді ДДҰ-мен өзінің ноу-хауымен, деректерімен және технологияларымен ДДҰ COVID-19 технологияларға қол жеткізу пулы (C-TAP) және мРНҚ технологиялар трансферті орталығы арқылы бөлісу үшін белсенді ынтымақтастыққа шақырады», – дейді ұйымдағылар.

Сонымен қатар, ДДҰ-ның басылым сауалына берген жауабында былай делінген: «ДДҰ COVID-19-ды емдеу, анықтау және алдын алу үшін диагностикалық, терапиялық және өзге де құралдары үшін де патенттен бас тартуды табандылықпен ұсынады».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<