Әдеп жөніндегі кеңес Арал ауданында өтті

381

0

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті көшпелі отырысы Арал ауданында өткізілді. Кеңес отырысын көшпелі түрде өткізу биылғы жылдан бастап тәжірибеге енгізіліп отыр.
Оның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар көп орын алған аудандарда аудан активімен бірге талқылап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ұсыныстар қабылдау. Алғашқы көшпелі отырыс маусым айында Шиелі ауданында өткізілген болатын.
Кеңес төрағасы Мұхимов Абзал Сансызбайұлының төрағалығымен өткізілген кеңестің кезекті көшпелі отырысында 4 мәселе қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес кеңес мүшелерінің алдында алғашқы болып Арал ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары жайлы аудан әкімі М.Оразбаев есеп берсе, жыл басынан бері Арал ауданында орын алған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Қ.Әбілдаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы С.Кенжебеков хабарлама жасады.
Әдеп жөніндегі кеңес мәселені жан-жақты қарап, Арал ауданының әкімі М.Оразбаевқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары бұзушылықтарын алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды тиісті деңгейде жүргізбей, ведомстволық бақылауды төмендеткені үшін жауапты орынбасарының тәртіптік мәселесін қарауды ұсынды.
Келесі кезекте сыбайлас жемқорлық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтау бағытында атқарған жұмыстары туралы Арал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Қосбармақовтың және Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Дүйсеновтың есептері тыңдалды.
Әдеп жөніндегі кеңестің 4 мәселесімен Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Тасқынбаевтың тәртіптік ісі қаралып, «Жолаушы-Сервис А.Б.» ЖШС-нің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасап, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабының 1-тармағы 4) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті ұсынымдар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<