«Домалақ ана» қойылымы сахналанды

886

0

Бүгін аналар мерекесі қарсаңында қазалылық көрермендер Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» қойылымын тамашалады. Сарбұлақ ауылындағы №78 мектептің оқушылары сахналаған спектакльге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барды.

Қазақ тарихында аты аңызға айналған абыз аналарымыз жетерлік. Солардың ішінде қасиетті Домалақ ана туралы оқиға – тарихи шындығымен дараланып тұратын шығарманың бірі. Бүгінгі қойылымда мейірімге толы ана махаббатының қуаты өте кең әрі шынайы суреттелді. Көрерменге береке-бірлік, тектілік пен имандылық туралы ой тастады.

Қойылым соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сахнада жан-дүниесімен беріліп ойнаған оқушылардың актерлік шеберліктеріне риза болып, шалғайдағы ауылдан осындай өнерлі өрендердің шығып келе жатқаны қуантатынын жеткізді. Аудан тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлаған сарбұлақтық өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<