Дүние дүрмек

442

0

Ең үлкен қазба

Израиль археологтары шамамен жарты миллион жыл бұрын Израильдің оңтүстігінде ежелгі адамдар аулаған пілдің үлкен азуын тапты.

Израильдің ескілік басқармасы Тель-Авив университеті мен Бен-Гурион университетінің зерттеушілерімен бірлескен қазба жұмыстары кезінде ұзындығы 2,5 метр болатын тасқа айналған зат табылғанын мәлімдеді.

Қазба жұмыстарын жүргізген ежелгі археолог Ави Леви «Бұл Израильде немесе Таяу Шығыста табылған ең үлкен қазба» деп мәлімдеді. Ескілік басқармасының мәліметі бойынша, бұл жер төменгі палеолит дәуіріне тиесілі (шамамен 500 мың жыл бұрын). Осы жерден тас құралдары табылған болатын. Ғалымдар жарты миллион жыл бұрын ежелгі пілдің табылған жерінде батпақты немесе таяз көл болған деп болжап отыр. Бұл ежелгі гоминидтердің мекендеген жері (приматтар тұқымдасы, оның ішінде адамдар мен үлкен маймылдар) болуы мүмкін.

Өмір сүру ұзақтығы қысқарды

АҚШ-та коронавирус пандемиясына байланысты өмір сүру ұзақтығы 1996 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жетті.

Үкіметтің мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы 76,1 жас. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 79 жас болған еді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша негізгі фактор Covid-19 болып отыр.

Пандемия 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығын 50%-ға, 2019-2020 жылдары 74%-ға қысқартты. Статистика сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасындағы күрт айырмашылықтарды көрсетіп отыр. Ерлердің өмір сүру ұзақтығы шамамен 2021 жылы 73,2 жасқа дейін, ал әйелдерде 10 айға 79,1 жасқа дейін қысқарды.

Қолтырауын қайдан жүр?

Ташкент әуежайында рейстердің бірінің жолаушысы 50-ден астам қолтырауын баласын заңсыз алып өтпек болды.

Кеденшілер жолаушының жолжүгінен 54 қолтырауынның баласын тауып алды. Ол бауырымен жорғалаушыларды жемістер мен көкөністердің арасына бірнеше пластик ыдыстарға тығып қойған. Жүкті сканерлеуді қиындату үшін контейнерлерді фольгаға ораған.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзбекстанда заң деңгейінде жабайы және улы жануарларды үйде ұстауға тыйым салуды жоспарлап отыр. Кейінгі уақытта қоғамдық орында, той-мерекелерде, мерейтойларда және басқа да отбасылық іс-шараларда жыртқыш және улы, жабайы жануарларды серуендету фактілері жиілеп кеткен. Бұл жағдай айналадағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Көлік жүрмейтін күн

Боливияда дәстүрлі жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер күні аталып өтіп, барлық қаладағы көлік жүрісі тоқтатылды.

Ел астанасы Ла-Пас көшелері жаяу және велосипедпен жүрген адамдарға толды. Концерттер қойылып, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Боливияда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер күні 2011 жылдан бері аталып өтіледі. Іс-шара азаматтардың қоршаған орта туралы таным-түсінігін арттыру үшін қабылданған.

Бұл елде қалалар қатты ластанған. Тұрғындар таза ауамен тыныс алу үшін бұл бастаманы жылына бір емес екі рет өткізу керек деп отыр.

Мальдив маржаны азайып барады

Мальдив аралдарына жаһандық жылыну кері әсерін тигізіп жатыр. Елде маржандар сиреп барады.

Аптап  ыстық  пен жоғары температура олардың басым бөлігінің түссізденуіне әкелді. Ал бұл құбылыс – аралдар үшін қауіпті жағдай. Себебі жергілікті халықтың 70 пайызының табыс көзі мұхитпен байланысты.

Мұндай жағдай 2016 жылы болған еді. Жаһандық жылыну салдарынан су температурасы бірнеше градусқа көтерілген. Ғалымдар болса, мұндай құбылыс жалғаса берсе  маржандарды қалыпқа келтіру қиынға түседі дейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<