Егін жинау науқаны қорытындыланды

317

0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының қорытындысы талқыланды.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы мен түпкілікті нәтижелеріне тоқталды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сала бойынша жауапты басшыларға үкімет отырысы мен арнайы облыстық мәжілісте айтылған тапсырмаларды сәйкесінше қысқа мерзімде орындау қажеттігін жеткізді.

Аудан бойынша егін жинау жұмыстары ү.ж қазан айында аяқталды.Егілген 19800 гектар күріштің әр гектарынан 57,3 центнерден өнім алынып, бүгінгі күнге барлығы 113 454 тонна өнім жиналды. Егін жинау жұмыстарына барлығы 1120 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты.

Егілген егінді күтіп баптауға аудандағы 172 шаруашылық құрылымы «Жалағашсушар» өндірістік учаскесімен 474,9 млн. теңгеге суға келісім шартқа отырып, шаруашылықтар тарапынан бүгінгі күнге 293,3 млн. теңге немесе 62% төленді.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін аудан шаруашылықтары жиналған өнімдерін сатып, су жеткізіп беру қызметіне берешек қарыздарын толық төлеу жөніндегі келісімдері бар.

Сонымен қатар, 2024 жылдың егін орналастыру жоспарына сәйкес, ауданда 129 гектарға күздік бидай орналастырылып , 13 000 га жерге сүдігер айдау жұмыстары жүргізілді. Аудан шаруашылықтары тарапынан алынатын дизель жанармайының толық алынуы мен су жеткізіп беру қызметіне берешек қарыздарының төленуі қатаң бақылауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<