Екі жақты келісімге қол қойды

260

0

Сыр өңірінің цифрландыру саласында жаңа жобалар жүзеге асып, сандық жүйенің көкжиегі кеңейіп келеді. 2019 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген IT PARK технопаркінде 500-ге жуық студент білім алуда. Одан бөлек, орталық 2022 жылдан бастап Өзбекстан мемлекетімен тығыз байланыс орнатып, екіжақты келісім жасалған. Осы арқылы шет елдердің цифрлық технологиялар саласының үздіктерімен тәжірибе алмасу көзделіп отыр.

4 сәуір күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен «GRAND master Бағдарламалау мектебі» ЖШС-і арасындағы ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы Меморандумға қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты және әріптестік байланысты нығайтып, білім беру ұйымдарының ақпараттық технология мамандарына, информатика пәні мұғалімдеріне біліктілік арттыру курстарын жүргізу, IT саласының үздіктерімен тәжірибе алмасу.

Меморандум шеңберінде бірлескен аналитикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беру, кәсіби іс-шаралар өткізу, оның ішінде педагогтер үшін цифрлық сауаттылық мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту шараларын жүргізу, бағалау құралдарын әзірлеуде өзара іс-қимыл жоспарлануда.

Аталған Меморандум «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен «GRAND master Бағдарламалау мектебі» ЖШС-і арасындағы бірлескен жобалардың бастамасы болатынына сенеміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<