Елдімекендерді газбен қамту жұмыстары жалғасуда

232

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Ақсу елді мекенінің газдандыру жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапары барысында сала бойынша жауапты басшыларға ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көгілдір отынның маңызы жоғары екенін ескертіп, жобаны уақытылы әрі сапалы аяқтау қажеттігін жеткізді.

2023 жылы елді мекенге облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржы шегінде жұмыстар жүргізіліп, толығымен игерілді.

Сондай-ақ, 2024 жылға құрылыс монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін ұлттық қордан 100 млн.теңге, облыстық бюджеттен 31,7 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге барлығы 13,1 шақырым газ құбыры тартылды. Оның ішінде орта қысымды газ құбыры 1,5 шақырым, төмен қысымды газ құбыры 11,6 шақырым. 2024 жылы игерілген қаржы 29,5 млн.теңге.

Сонымен қатар, газдандыру жұмыстары М.Шаменов елді мекенінде де жалғасын табуда. Ауылдық округке 2023 жылы облыстық бюджеттен 63,8 млн.теңге бөлініп, бөлінген қаржы шегінде жұмыстар жүргізіліп, толығымен игерілді.

Ағымдағы жылы ұлттық қордан 100 млн.теңге, облыстық бюджеттен 4,5 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күнге барлығы 9,9 шақырым газ құбырлары тартылды. Оның ішінде жоғары қысымды газ құбыры – 9,5 шақырым, төмен қысымды газ құбыры -0,4 шақырым. 2024 жылы игерілген қаржы-27,4 млн.теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<