Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

363

0

Сурет ашық дереккөз

Синоптиктер 13 қарашада еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 13 қарашада түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында және Жезқазған қаласында тұман түсуі ықтимал.

Ертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында және Қарағанды қаласында көктайғақ, сондай-ақ облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Синоптиктер 13-15 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында және Тараз қаласында тұман болады деп болжады.

Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с. 13 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

13 қарашада түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Батыстан соққн жел екпіні 15-20 м/с.

Дүйсенбіде Алматы, Қонаев қаласында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<