Еліміздің екі өңірінде ауа сапасы нашарлайды

552

0

Қазгидромет өңірлердегі 23 наурыз күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<