Бас шырша қашан жағылатыны белгілі болды

342

0

Фото: ашық дереккөз

Астанада 17 желтоқсанда сағат 20:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында бас шырша жағылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтемес жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады. «Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен безендіріледі», – деліген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетейік, былтыр 19 желтоқсанда ЭКСПО көрме кешені жанындағы алаңда Қазақстанның бас шыршасы жағылған болатын. Оның да биіктігі 25 метр болды, әдемі жарық өрнектермен безендірілген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<