«Қазгидромет» РМК 23 мамыр күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасының болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Қостанай қалаларында күтіледі. Өзге шаһарлада ауа сапасының көрсеткіштері норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<