Ер есімі ел есінде

390

0

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері осы атаулы мейрамның қарсаңында, 1992 жылы 22 ақпан күні қанды қол қылмыскерлерді құрықтау барысында ерлікпен қаза тапқан милиция аға лейтенанты Мұратбек Әмзеұлы Өмірбековтың жары Байсейтова Күләш Дуйсеновнаны гүл шоғымен және бағалы сыйлықпен құттықтады.

Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналып кеткен, Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлері ерлікпен қаза тапқан әріптесін ешқашан естен шығармай, аяулы жарын мерекелермен құттықтап келеді. Өз кезегінде Көліктегі ПД Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<