Ертең телеарнадан Мемлекет басшысының сұхбаты көрсетіледі

1736

0

Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Президент Телерадиокешеніне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<