Естелікке домбыра сыйлады

434

0

Рим Папасы Францисктің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайынан өзі шығарып салды.

Президент Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады.

– Біздің мәдениетіміз туралы жылы лебіздеріңіз үшін, әсіресе домбыра туралы пікіріңіз үшін қазақ халқы сізге ризашылығын білдіреді. Қазір бүкіл басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары сіздің сөзіңізді жазып жатыр. Барлығы Рим Папасы қазақ мәдениетінің, соның ішінде біздің ұлттық аспабымыз – домбыраның ең үздік насихатшысы деп айтып жүр. Қазір бұл жастар мен балалар арасында өте танымал. Сіздің сөздеріңізден кейін домбыраға деген қызығушылық тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де арта түседі деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<