Фермерді іздеген сүңгуірлер оның орнына белгісіз әйел адамның денесін тапты

1217

0

Қарағанды құтқарушылары жоғалып кеткен фермерді іздестіру кезінде белгісіз әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Нұра өзінің бойында іздеу жұмыстарын жасап жүрген сүңгуірлер денені тапқан. Алайда өліктен кім екенін анықтау мүмкін емес жағдайға жеткен. Тек сырт киімі, халаты мен аяқ киімі сақталған.

«Сүңгуілер барлық жерді тінтіп шықты. Судың ағыны жылдам, арқанды ұстап, екі бетімен төмен қарап іздеді. Күдік тудырған нәрсені алып шықты. Ол жерден адам денесінің қалдықтары табылды. Өткен жылы ақпанда жергелікті атқарушы орган әйел адам жоғалғанын айтқан. Денені сараптамаға жібердік», – дейді құтқары тобының жеткшісі Марат Әбілдинов. 

Фермер Нұрлан Сүлейменовті 20 күннен бер іздестіріп жатыр. Құтқарушылар жақын маңдағы әрбір жерді қарап, өзеннің шөгінін зертетп шыққан. 

Іздеу жұмыстарына ауа-райының құбылмалуы болу қол байлап тұр. Оған қоса өзеннің ағыны қатты, ал суы лас. Құтқарушылар Нұра өзенінің 75 шақырым қарап шыққан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<