«Fly Arystan»: Атырау мен Қызылорда арасында әуе рейстері ашылады

880

0

15 шілдеден бастап 24 қазанға дейін «Fly Arystan» әуекомпаниясының Атырау-Қызылорда-Атырау бағыты бойынша рейстер ашылады. Бұл туралы «Қорқыт ата әуежайы»АҚ-ның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

«Рейс аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) орындалады. Қызылордаға қону уақыты – 10.20, ал Қызылордадан ұшу уакыты – 10.50. Билет жөнінде ақпаратты әуе компаниясының сайтынан немесе кассалардан сұрауға болады, бағасы 6999 теңгеден басталады», – делінген хабарламада.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<