Футбол: «Ақжайық» «Қайсардан» басым түсті

400

0

Футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турда Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдады.

Бұған дейін 12 ұпай жинаған оралдықтар турнир кестесінде 8-орында келе жатса, алты ұпайы бар қызылордалықтар 12-сатыда еді.

Бірінші таймда қонақтар сапында Еркін Тапаловтың тепкен добы қақпа маңдайшасынан кері қайтты.

Ойынның екінші кезеңі барысында «Ақжайықтың» бапкері Владимир Мазяр шабуылшы, украиналық Николай Ковталюктің орнына ресейлік Дмитрий Мичуренковты шығарды. Бұл өз жемісін берді. 75-минутта қақпашымен жекедара шыққан Д.Мичуренков биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты – 1:0. Бұдан кейін есеп өзгерген жоқ.

Осы ойыннан кейін оралдықтар 15 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

«Ақжайық» келесі кездесуін өз алаңында 14 мамыр күні «Қайратпен» өткізеді.

Бұл турда Таразда жергілікті клубты 1:0 есебімен ұтқан «Астана» осымен жетінші рет қатарынан жеңісіне қол жеткізді. Ал ел чемпионы «Қайрат» өз алаңында «Шахтермен» тең ойнап, тағы да ұпай жоғалтты. Елордалықтар 26 ұпаймен соңындағы командалардан ұзай түссе, бір ойыны кем «Тобыл» (18 ұпай) екінші, «Тараз» бен «Қайрат» (17 ұпай) үшінші-төртінші орында келеді.

ҚазАқпарат

Сурет – Айбатыр Нұраш.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<