Шпенгте (ГФР-дың солтүстігі) Volksbank неміс банкінің автотұрағындағы плиткаларды ауыстырып жатқан жұмысшылар қаржы мекемесінің ғимаратына апаратын туннель тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Der Spiegel басылымының жазуынша, автотұрақта төселген плиткалар деңгейі 14 мамыр күні, жұмада төмен түсіп кеткен, бұл қала қызметтерінің назарын аударды. Жұмысшылар бұл жерде құбыр жарылды деп ойлаған. Дүйсенбіде олар жөндеу жұмыстарына кіріскен кезде ұзындығы сегіз метр және ені шамамен бір метр болатын туннельді тапқан, ол трансформатор қорабынан басталған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<