Головкиннің промоутері: Үшінші рет кездесуден бас тартатын себеп көріп тұрғаным жоқ

522

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер Сауль Альварестің (56-1-2, 38 КО) Билли Джо Сондерспен (30-1, 14 КО) кездесуіне қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ ол Альварестің есіне трилогияны салды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» 70 мың телекөрермен алдында нокаутпен жеңді. Бұл өте жақсы жетістік. Алайда GGG-мен кездесу Флойд Мэйвезерен кейінгі ең қиын айқас болады. Головкин бірінші кездесуде жеңіске жетті, тіпті екеуінде де деуге болады. Егер сенде осындай мықты жекпе-жектер өткізетін мүмкіндік болса, неге үшінші кездесуді ұйымдастырмасқа. «Канело» өзінің мықтылығын көрсетті. Құттықтаймын!», деп жазды Том Леффлер өзінің Twitter-дегі парақшасында. Айта кетейік, «Канело» Сондерсті жеңіп, әлем чемпионның үш титулын біріктірді. Осыған дейін ол қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 36 КО) үшінші кездесуге дайын екенін, ол үшін қазақстандықтың супер орта салмаққа көшуі керектігін айтқан болатын. Головкин мен «Канелоның» бірінші кездесуі тең аяқталды және ол үлкен дау тудырды. Одан кейінгі кездесуде төрешілер басым дауыспен жеңісті Альвареске берді.

Қазақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<