Грузия билігі қазақстандықтардың не себепті қонақүйден шығарылғанын түсіндірді

335

0

Қазіргі уақытта барлық қазақстандық бірдей дәрежедегі басқа қонақүйлерге көшірілген. Грузия билігі қазақстандықтардың қонақүйден неге көшірілгенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 Бірде-бір қазақстандық билік назарынан тыс қалмапты. «Қонақүйден қазақстандықтар шығарылып жатыр деген мәлімет алғанымызда… Біз Қазақстанды ұнатаммыз, бірге жұмыс істейміз, біріккен жобаларымыз бар. Қонақүйде болған барлық қонақ осындай дәрежелі өзге қонақүйлерге жатқызылды. Қонақтар мен туристердің қауіпсіздігі біздің елдің басты қағидасы. (…) Біздің мақсат – жоғары дәрежелі басқа қонақүйлерді тауып, бірде-бір адамның көңілі қалатын жағдай туғызбау. Барлық қазақстандық орналасты, оларға жақсы жағдай жасалған қонақүй табылды», – деп сендірді Аджар автономиялық республикасының туризм және курорттар департаментінің төрағасы Сулхан Глонти.  Оның айтуынша, қонақүйдегі жағдай түзеліп, нақты органдардың шарты орындалған соң жұмысын бастай алады.  «Оларға біреу жұмыс істеуге тыйым салды дегенді білдірмейді. Туристердің қауіпсіздігі басты қағида екенін қайталап айтамын, қонақтардың жағдайы жақсы болып, көңілі толуы керек», – деді ол. Еске салайық, 20 тамызда қазақстандықтар Батумидегі қымбат қонақүйден шығарылып жатқандардың қатарында бар деген ақпарат тарады. Демалып жатқан 300 адам төленіп қойған қаражаты бола тұра, соттың қаулысымен нөмірлерді босатуға мәжбүр болған. Сөйтсек, қонақүйде өрт қауіпсіздігі ережесі сақталмаған екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<