Халық қаһарманын қабылдады

838

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті қабылдады.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровпен кездесіп, Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген бастамалар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.

Ұлыбритания елшілігіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды.

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінде II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король ІІІ Карлдың, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета Патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.

– Оның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Ол халықаралық қауіпсіздік пен орнықты дамуды нығайтуға бағытталған күш-жігерді ілгерілетуде көшбасшы болды. Оның тектілігі, қадір-қасиеті мен орасан зор жетістігі әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре түсетініне, ал мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімін, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<