Instagram-да жаңа функция пайда болды

688

0

Фото: ашық дереккөз

Instagram әлеуметтік желісінде ерекше функция пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Яғни енді Instagram әлеуметтік желісінде Telegram-дағыдай арналар пайда болды. Онда хат, сурет, видео алмасып, сауалнама жүргізу мүмкіндігі болады.

«Арналар» пайда болғаны туралы Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг хабарлаған. Әлеуметтік желіде ашылған алғашқы арнаның бірі компания басшысының арнасы болған.

Әзірге «Арналар» кейбір қолданушыларда ғана (негізінен АҚШ тұрғындарында) қолжетімді. Алдағы уақытта бұл режим барлық қолданушыда пайда бола бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<