Іргесі берік құрылым

605

0

1995 жылы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйғарымымен  Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл кезінде тағдырдың жазуымен қазақ даласына қоныс тепкен тегі бөлек болғанымен, тілегі бір, арманы ортақ тұтас халықты бір мүддеге ұйыстыруды көздеуден туған идея болатын.

Міне, биыл елімізде қо­ғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығай­тып, барлық ұлтты бір мақсат, бір мүдде жолында тоғыстырып отырған құры­лым – Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл. Ел тұрақ­тылығының ұйт­қы­сына айналған бұл инс­титут – Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың  ұт­қыр идеясы ғана емес, бірлік пен келісімнің  біре­гей моделі. Сондай-ақ, ол –  бейбітшілік пен рухани ке­лі­сім мәдениетінің негізіне айналды.

Ширек ғасырда ассам­блея консуль­тативтік-кеңес­ші органнан Парламентте өкіл­дігі бар жалпыұлттық институтқа айналды. Бұл ту­ралы Нұрсұлтан Назарбаев “Ассамблея – азамат­тық қоғамға тән әмбе­бап құ­ры­лымның озық үлгі­сін көрсете білді. Дос­тық, бейбітшілік, тыныш­тық пен сенім қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналуына маңызды үлес қосты.  БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты іргелі ұйымдар еліміздің ұлтаралық қатынастар мо­деліне және ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған күш-жігеріне үнемі жоғары баға беріп келеді. Сондықтан  ассамблея елімізде тұра­тын барлық этнос өкілде­рі­нің ортақ тілегі мен ұм­тылысының арқасында құ­рылды. Ассамблея – бүкіл хал­қымыз бірлесіп көтерген ортақ бір шаңырақ” деп  ерек­ше атап өтті.

Расымен, ҚХА  – сан түр­лі ұлтты бір арнаға то­ғыстыра білген еліміздегі бірден бір құрылым. Ол өзінің құ­рылған кезінен бас­тап ора­сан біріктірушілік және зи­ят­керлік әлеует жи­нақтап және халықтық ди­пломатия институты үлгісіне бе­йімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Жыл өткен сайын оның маңыздылығы артып, ауқымы кеңеюде.

Бүгінде Сыр өңірінде де Қазақстан халқы ассам­блеясының барлық құры­лымдары қалыптасып, же­місті жұмыс жүргізіп келеді. Облыстық ассамблеяның құрамында 11 этномәдени, аудандарда 6 этно бағыттағы бірлестік, 118 аналар кеңесі, 165 қоғамдық келісім кеңесі, 1 ғылыми-сарапшылық топ, 1 медиация кабинеті, Қорқыт ата атындағы университетте «Қазақстан халқы ассам­блеясы» кафедрасы, депу­таттар және кәсіпкерлер то­бы, журналистер мен са­рапшылар клубы, «Жаң­ғы­ру жолы» жастар қоз­ға­лысы бар. Оларға бар­лық жағдай жасалған. Мәсе­лен, әр ұлттың өзін­дік құн­дылықтарын, салт-дәс­тү­рі мен әдет-ғұрып­тарын, бол­мысын сақ­тауда этно­мәдени бірлестіктердің мәдени күн­дері, әр этностың: “Наурыз”, “Масленица”, “Рождество”, “Сабантой”, “Сольналь”, “Песах”, “Пасха” сынды ұлт­тық мерекелері тұрақты түрде кеңінен аталып өті­леді. Бұл мерекелер бір ұлт­тың ғана емес, жалпыға ортақ мейрам ретінде  той­лануда. Өз кезегінде мұндай шаралар, барлық этностың ауызбіршілікте өмір сүруіне, қоғамдық келісімнің ны­ғаюына үлкен ықпал етіп отыр.

Жалпы ҚХА – келелі істерге ұйытқы болып, елдегі этносаралық толеранттылық пен келісімнің, ұлттар мен ұлыстардың ара­сындағы та­тулық пен бірліктің, қо­ғамдағы тұрақтылықтың ал­тын көпірге айналды. Бұл елдегі ауызбіршіліктің үстем екендігін көрсетсе керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<