Кәсіпкерлікті қолдау мәселесі комиссия назарында

637

0

Биыл ел тарихында алғаш рет партиялық тізіммен депутаттар сайлауы өтті.  Саяси бәсекеде «Nur Otan» партиясы халықтың қолдауымен басым дауысқа ие болып, барлық деңгейдегі мәслихаттарда нұротандықтар ең көп мандатты иеленді. Бүгінгі күні облыстық мәслихатта 33 депутат болса, олардың 27-і «Nur Otan» партиясынан.  Міне, жаңа шақырылымдағы депутаттардың жұмысқа кіріскеніне де 2 айдан аса уақыт өтіпті. Алғашқы сессияда мәслихаттың хатшысы  тағайындалып, 4 бағыта жұмыс жасауға негізделген тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды. Сол алғашқы күнен бастап, партиямыздың депутаттық корпусы  сайлауалды уәделерді іске асыруға кірісті.

Мен облыстық мәслихаттағы кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасымын. Комиссия құрамы 8 азаматтан құралған.  Комиссияның негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық бағыттағы мәселелерді алдын – ала зерттеп, тиісті басқармалармен талқылап, оны нақты шешім шығару үшін мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыну. Бұл бағытта біздің комиссия жылдық жоспарын бекітіп бүгінгі күні сол бағытта жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жақында жоспарға сәйкес, комиссияның отырысы өтті.  Күн тәртібінде мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылған бірнеше мәселе және тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес «Пандемия кезеңінде Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі 2020 жылы атқарылған шаралар және 2021 жылы атқарылатын міндеттер туралы» мәселе бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов есебін тыңдадық.

Пандемия кезеңінде бизнесті қайта жандандыру үшін кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері беріліп, несие төлемдері кейінге қалдырылып, кредиттерді жеңілдікті шарттармен қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілгенін айтты. Оған қоса, мемлекеттік бағдарламалардың несиелендіру шарттары оңтайландырылып, бюджеттен біршама қаржы қарастырылып, облыс әкімінің бастамасымен өңірлік деңгейде «Облысты 2023 жылға дейін экономикалық дамыту жоспары» іске асырылып жатқанын жеткізді.

Бұл құжат өз кезегінде қызметі тоқтатылған кәсіпкерлік субъектілерін қайта жандандыруда өз тиімділігін көрсетуле.  Яғни, жоспар аясында 89 жоба іске асырылып, нәтижесімен мыңнан аса жұмыс орны құрылады. 2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар да тиімді іске асырылды.

Осы қолдау шараларымен қоса өңір кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсету мақсатында «Бизнеске арналған Үкімет» платформасы іске қосылып, жыл ішінде кәсіпкерлерге шамамен
13 500 қызмет көрсетілді. Жыл көлемінде көрсетілген бұл қолдау шараларының арқасында пандемия салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметі толыққанды қайта іске қосылып, жандандырылды.

Пандемиядан кейін бизнесті толық қалпына келтіру мақсатында бұл қолдау шаралары 2021 жылы да одан әрі іске асырылатын болып отыр.

Жалпы биылғы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларға 1600-ден астам мемлекеттік гранттар, 800-ге жуық шағын несиелер бағыттау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрақты бизнестің 200-ден астам жобасын банктер арқылы несиелендіру көзделуде және бұл бағыттағы шаралар облыс әкімімен бекітілген «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарында» қамтылып отыр.

Комиисия мүшелері күн тәртібіне сәйкес, «Пандемия кезеңінде Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі 2020 жылы атқарылған шаралар және 2021 жылы атқарылатын міндеттер туралы» Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризмбасқармасының басшысы Ф.Қожабергеновтың хабарласын толық назарға  алып,  кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы 2025»,  «Қарапайым заттардың экономикасы» және өзге де бағдарламаларға қатыстыру, несие портфельдерін ұлғайту бағытында жұмыстарды жандандыру және орындалуын қатаң бақылауға алу, жергілікті инвестиция көлемін ұлғайту бағытында «2023 жылға дейін Қызылорда облысын экономикалық дамыту жоспары» аясында іске асырылу жоспарланған жобаларға мемлекеттің қолдау шараларын көрсетіп,  сүйемелдеуге алу жөнінде ұсыныстар берді.

Алдағы уақытта ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің өнімдерін өңдеуге қолдау көрсету бағытында жұмыстарды саралап, нәтиже шығаруға жұмыстар жасалады. Жалпы тұрақты комиссияның атауы айтып тұрғандай кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелер біздің комиссия құзіретіне кіреді.

Мақсұт НӘЛІБАЕВ,

 облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы  депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық мәслихаттағы кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<