Карантин талаптарын сақтамаудың 7 дерегі анықталды

432

0

Қызылорда қаласында қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ 7 карантин талаптарын бұзу дерегін анықтады.

Еске салсақ, Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің #18 қаулысына сәйкес тойлар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу тыйым салынып, бірқатар кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу енгізілді.

Қазіргі таңда карантин талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторинг жұмыстары қала бойынша құрылған 7 мониторинг топпен тұрақты жүргізілуде.

Осы жұмыстар нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 180 -нен аса карантин талаптарын бұзған тұлғаларға тиісті анықтамасы толтырылса, 4 шілде күнгі мониторинг барысында 2 үй-жайда өткізген той иесіне және 5 кәсіпкерлік нысанға (1 сауна, 1 базар, 3 мейрамхана) карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жинақталған құжаттар тиісті орынға жіберілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<