Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл

221

0

Фото автордан

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен «Үздіктен үйрен» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы №267 орта мектепте «Кемел келешегіміздің басты құндылығы – құзыретті тіл» атты семинар-практикум өткізілді.

Педагогтердің ғылыми-әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, озат тәжірибемен бөлісу және таратуға бағытталған семинар-практикумның «Инновация, ізденіс, тәжірибе» бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті.

«Педагогтердің инновациялық қызметін әдістемелік қолдау» бөлімінде «Өрлеу» Қызылорда филиалының аға оқытушысы Жанар Исаева «Бес асыл іс немесе ізгілік концепциясы (Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқытудың тиімді әдістері)» тақырыбында, Гүлназ Таумаханова «Workshop on Training Quality Improvement» тақырыбында, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Жайнагүл Жансүгірова «Креативность в обучении или как развивать креативное мышление учащихся на уроке русского языка» тақырыбында пән мұғалімдеріне шебер сыныптар өткізді.

Іс-шараның «Шығармашылық, шеберлік, нәтиже» бөлімінде А.Байтұрсынов атындағы №211 мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы Айман Абасилова және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айнұр Сыдықова тәжірибелерімен бөлісті. «Үздіктен үйрен» жобасы аясында республикалық байқаулардың жеңімпаздары кәсіби даму жолындағы іс-тәжірибелерімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу бағытындағы шығармашылық шеберханасымен таныстырды.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен педагогтердің кәсіби шеберлігін, ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық әлеуетін дамытатын, курстан кейінгі қолдауға бағытталған әдістемелік шаралар жалғасатын болады.

Жанар Исаева,
«Өрлеу» Қызылорда филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<