Көліктік бақылау инспекциясымен жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталған тәуекелдер

335

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп отыру маңыздылығы түсіндіріліп келеді.
Кезекті түсіндіру отырысы көліктік бақылау инспекциясы ұжымында өткізіліп, онда ішкі талдау жүргізу тәртібі мен оның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудағы артықшылықтары кеңінен сөз болды.
Осы орайда, көліктік бақылау инспекциясының өзімен тәуекелдер бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, ішкі талдау барысында әкімшілік құқықбұзушылық өндірісінде тәуекелдер анықталды.
Мысалға, бір әкімшілік құқықбұзушылық бойынша екі түрлі дәрежедегі санкция қолдану тәуекелі, яғни, автокөліктің техникалық құжаттарында көрсетілген мәліметтер бойынша құқықбұзушыны жеке тұлға ретінде тарту, ал салық органдарының мемлекеттік реестр мәліметі негізінде жеке кәсіпкер ретінде өзге дәрежедегі санкция қолдану тәуекелдері анықталды.
Осыған сәйкес, аталған тәуекелдерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында әкімшілік құқықбұзушылықтың нақты субъектісіне қолдану үшін инспекция қызметкерлерінің электрондық құрылғыларына мемлекеттік реестрдің электрондық жүйесі енгізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<