Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

364

0

Жосалы кентіндегі  жастар ресурстық орталығында аудандағы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен еркін форматта кездесуі өтті.
Шараға «Қызылорда облысының Азаматтық альянсы» Қауымдастығының төрағасы, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің РһDдокторы және тәрбие жұмыстары жөніндегі ректордың орынбасары Жандос Базартай, облыстық «Жас Ғалымдар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің РһDдокторы Ғани Байұлы қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері азаматтық сектордың қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.
Сонымен бірге үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жалпы жиналыста  Астана қаласында өтетін форумға ұсынылған кандидатты бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Форумға ауданымыздан Жосалы кенті «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Ж. Жәкеев пен «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ү. Махамбетова ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<