Көк тудың желбірегені…

736

0

Сырдария аудан орталығы Тереңөзек кентінде 4 – маусым Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай автошеру ұйымдастырылды.

Шеруге 30 – ға жуық автокөлік қатысып, кент орталығындағы орталық көшелер бойымен еліміздің көк туын алып өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақты отандық патриотизм мен жоғары азаматтық сабақтастыққа үндеп, қоғамның рухани бірлігін нығайту.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі Қазақстанның өткені мен бүгінін және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<