Көлік аударылып, 2 адам зардап шекті

472

0

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында аударылған көліктен 2 адам шыға алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Риддер қаласындағы көшелердің бірінде болған. «Жолда келе жатқан «УАЗ» маркалы автокөлік жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Көлік соның салдарынан аударылған. Салонда отырған 2 адам сыртқа шыға алмай, құтқарушыларға хабарласты. Көп ұзамай оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келіп жеткен», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Құтқарушылар оларды арнайы құралдардың көмегімен алып шықты. Зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<