Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум

885

0

Фото: ИПК

«Өрлеу» Қызылордада көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. 70-ке жуық шығармашыл мұғалім қатысқан семинар жұмысы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, пән бойынша оқыту мен оқу үдерісіндегі озық инновациялық тәжірибені таратуға және курстан кейінгі қолдауға бағытталды.

Семинар-практикум барысында ата-бабаларымыздың ұлттық өнерін, күнделікті тұрмыста қолданған бұйымдарын қайта жаңғырту, қазіргі заманғы озық үлгілермен ұштастыру арқылы халықтың игілігіне айналдыру мақсатында шығармашыл ұстаздардың қолдан жасаған этностильдегі аксессуарлары қойылған көрме жұмысы таныстырылды.

Семинардың тәжірибелік бөлімі шығармашыл ұстаздар көрсеткен шеберлік сыныптармен жалғасты. Шеберлік сыныпта мұғалімдер білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетін белсендіру әдістері, сүйек пен мүйізден кәдесый жасау, тасқа сурет салу, қалдық материалдардан түрлі мүсін жасау, тақыр кілем тоқу технологиясы, жүннен бұйымдар жасау, қалдық сымдар мен лампочкалардан заттар жасау және гобелен тоқу әдістерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-практикум қорытындысы бойынша рефлексия жүргізіліп, ұсынымдар қабылданды. Семинарға қатысқан барлық педагогтерге бірыңғай үлгідегі сертификат, шеберлік сынып көрсеткен ұстаздарға Құрмет грамотасы, шығармашылық жұмыстары көрмеге ұсынылған ұстаздарға Алғыс хаттар берілді. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша алдағы уақытта электронды нұсқада жинақ шығарылады.

«Өрлеу» Қызылорда тренерлерінің қолдауымен облыс мұғалімдеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері жүргізіліп, педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу бағытындағы әдістемелік жұмыстар жыл бойы жалғасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<