Көруге тұрарлық жаңа 8 фильм

1015

0

Жаңажылдық демалыстар — жақындарыңызбен жиналып, жаңадан шыққан киноларды көруге жақсы себеп. Бүгінгі материалда осы қыстың жаңа фильмдерін ұсынамыз. Олардың кейбіреулері шығып қойған, ал қалғандарын жақын арада көруге мүмкіндік болады.

Спенсер, 9 желтоқсан

Пабло Ларраинның фильмі желтоқсан айының басында ғана прокатқа шыққанымен, ол көпшілік талқылайтын фильмнің біріне айналып үлгерді. Картинадағы оқиғалар Диана Уэльская ханшайымның өміріндегі бірнеше күнді қамтиды. Атақты ханшайымды актриса Кристен Стюарт ойнайды. Көрермендер ханшайымның британ корольдік отбасы мүшелерінің ортасында рождествоға қалай дайындалғанын бақылай алады.

Өрмекші адам: Үйге жол жоқ (Spider-Man: No Way Home), 15 желтоқсан

2021 жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап кинотеатрлардан жылдың ең күтілетін блокбастерлерінің бірі көрсетілуде. Marvel жанкүйерлері сүйікті қаһармандарының бірі жайлы триквелді тағатсыздана күтті. Фильмдегі әрекет алдыңғы бөлімнің аяқталған жерінен басталады. Өрмекші адамның кім екені барлығына белгілі болады, бұл Питер Паркер мен оның достарының бұрынғыша өмір сүруіне кедергі келтіреді.

Матрица 4: Оралу (The Matrix Resurrections), 16 желтоқсан

Апалы-сіңілі Лана және Лилли Вачовскидің «Матрица» фантастикалық фильмі 20 жыл бұрын кино әлемін өзгертті. Бұл картинада көтерілген философиялық сұрақтар осы уақытқа дейін өзекті болып табылады. Сондықтан 4-ші фильмнің прокатқа шығуы жайлы хабарландыру кинематографиядағы нағыз оқиғаға айналды. Сценаристтің айтуынша, «Матрица 4: Оралу» фильмі — алдыңғы бөлімдердің жалғасы емес, дербес картина.  

Даунтон Аббаттығы: Жаңа кезең (Downton Abbey: A New Era), 20 қаңтар

«Даунтон Аббаттығы: Жаңа кезең» толықметражды фильмі — британ ақсүйектерінің өмірі мен қатынастары жайлы танымал сериалдың жалғасы. Кроули отбасысының мүшелері — картинаның басты кейіпкерлері. Картина оқиғасы XX ғасырдың 20-жылдарында өтетіні белгілі.

«Жоғары қарамаңыз» (Don’t Look Up), 24 желтоқсан

Netflix компаниясы мен режиссер Адам МакКеяның «Жоғары қарамаңыз» картинасындағы басты рөлдерді Леонардо Ди Каприо, Мэрил Стрип және Дженнифер Лоуренс сомдайды. Фильм сюжеті бойынша, екі астроном Жерге келе жатқан комета жайлы біледі, сондықтан олар адамдарды қауіп жайлы ескертуді ойлайды. Алайда оларға ешкім сенбейді.

Айдың құлауы (Moonfall), 3 ақпан

Роланд Эммерихтің фантастикалық боевигінің сюжеті бойынша Ай өз орбитасынан шығып, Жерге жақындай бастайды. Ол планетаны және барлық тіршілікті бұза алатындай жарылыс тудыруы мүмкін. Холли Берри мен Патрик Уилсон ойнайтын басты кейіпкерлер апаттың алдын алуға тырысады. Астронавттар космосқа барып, Жерге Ай емес, басқа нәрсе қозғалып келе жатқанын көреді.

Махаббат дауысы (Aline, The Voice of Love), 3 ақпан

Валери Лемерсьенің фильмі атақты әнші, актриса және композитор — Селин Дионның шығармашылық мансабы мен өміріне негізделген. Бір күні жас қыздың ерекше дауысын продюсор Ги-Клод байқайды, содан соң оның өмірі түбегейлі өзгереді. Фильм режиссерінің айтуынша, «Махаббат дауысы» фильмі — бірінші кезекте, әдемі махаббат пен адалдық жайлы картина.

Анчартед: Картада белгіленбейді (Uncharted), 10 ақпан

Бұл фильм Uncharted бейнеойын серияларына негізделе түсірілген. Sony Pictures студиясы ұсынған шытырман оқиғалы боевикте басты рөлдерді Том Холланд, Марк Уолберг, София Тейлор Али, Тати Габриэлле және Антонио Бандерас ойнайды.

massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<