Көше – қаланың көркі

301

0

Жол құрылысында өңірдің тасы өрге домалап тұр. Әсіресе Қызылорда қаласында қызу жұмыс.Соның бірі Елеу Көшербаев атындағы көшеде жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Оның Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ә.Бөкейхан көшесіне дейінгі 2 шақырымы жөнделеді.

– Құны 434 миллион теңге болатын құрылыс аясында көше жөнделіп қана қоймайды. Жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолын салу, аяқсу арығын қазу және жарық шамдарын орнату қарастырылған. Мердігер мекеме – «УАД» ЖШС, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев.

Сондай-ақ «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпірі құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінген. Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейін жол құрылысы, Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғырту жүргізілуде.

– Облыс орталығының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 6 106,8 млн теңге бөлінді. Қалада 46,1 шақырым болатын 35 көшеге орташа жөндеу жүргізілетін болады. Сондай-ақ облыстық бюджеттен бөлінген 137,4 млн теңгеге 15 көшеге қиыршық тас төселеді, – деді бөлім басшысы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<