Көшеттің күтімі

446

0

Түркістаннан әкелінген жеміс ағаштарының түр-түрі базарға барсаңыз самсап тұр. Жасыл желекке қарап сүйсінесің. 

Жылдағы дәстүр бойынша қалалықтар өздеріне қажетті көшеттерді жаппай сатып алып жатыр. Ондағы ойы аула алдына отырғызып, көктету деген ниет.

Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы секілді жеміс ағаштарының бәрі бар. Тек талғамыңа қарай таңдап ала бересің.

– Көктемде отырғызылған көшеттер көп күтімді қажет етеді. Осы жұмысты ұзақ уақыттан бері дағдыға айналдырып келе жатырмын. Сондықтан мұның сырына қанықпын деп айта аламын. Көшетті баладай  баптап, қариядай күте білсең, жемісін жейсің. Еңбек жеміссіз қалдырмайды. Ағаш көшеттерін көктемде ерте отырғызу керек. Оның ішінде жеміс ағаштарын отырғызу үшін бұл – ең ыңғайлы мезгіл. Жердің құнарлығына да аса мән берген абзал. Қашан күш алып кеткенше қарап тұру керек, – дейді Зумұрат Садықова есімді сатушы бізбен әңгімесінде.

Көшеттердің сатылым бағасы 700-3000 теңге аралығында. Сонымен қатар гүлдер мен түрлі өсімдіктерді де кездестіруге болады.

Суретті түсірген

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<