Колледжде WORLDSKILLS Ұлтық чемпионаты өтті

983

0

Жуырда И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде WORLDSKILLS Ұлтық чемпионатының колледжшілік кезеңі  өткізілді.    

WorldSkills колледжшілік чемпионатын өткізу мақсаты –  колледж білім алушыларының шеберлік дағдыларын дамыту, біліктіліктерін, білімдерін саралай отырып ең мықты деген болашақ мамандарға WorldSkills Ұлтық чемпионатының аймақтық кезеңінде өздерінің шеберліктерін көрсетуге жолдама беру.    

WorldSkills Халықаралық қозғалысы елімізді дамытуда жұмысшы мамандығының ролінің зор екенін айта кеткен жөн.  Колледжде  40 тан астам болашақ жас мамандар  «Электромонтаждау», «Инженерлік графика CAD», «Желілік және жүйелік басқарушы», «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және  қызмет көрсету», «Ветеринария» құзыреттері бойынша сайысқа қатысуда.

Байқауға   18-22 жас аралығындағы жас мамандар өздері таңдаған құзыреттілік бойынша жүлделі орындар үшін  күресуде. Байқауға қатысушылар   WorldSkills стандарттары бойынша жұмыс жасауда. Оларды 40 қа жуық сарапшылар бағалауда.

Колледжішілік байқау жеңімпаздары сәуір айында аймақтық байқауда бақтарын сынайтын болады. «Энергетика және құрылыс» бөлімшесі, » Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша жетекші Машарапұлы Нұр1 орын Жақсылық Айбол Болатбекұлы (облысқа жолдама алды) 2 орын Досымов Жеңіс Серікбайұлы 3 орын Сабыр Нұржан Сабырұлы иеленді.

АЛҒЫС ХАТ1. Кемелов Дильшод Марсұлы 2. Абдуллаева Сандуғаш Нариманқызы «Электромонтаждау», құзыреттілігі бойынша1орын Тұрсынбай  Наурызбек, (облысқа жолдама алды) жетекшісі Иманғазина Нұргүл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<