Коронавирус жұқтырған 12 мың пациент стационарда жатыр – Денсаулық министрлігі

651

0


23 мамырдағы мәлімет бойынша, 34 003 адам коронавирус инфекциясынан (34 457 КВИ+ және 546 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.


Олардың ішінде 12 968 пациент стационарда, 21 035 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 744 адамның жағдайы ауыр,

• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<