Корпорация президентін қабылдады

439

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының президенті  Юй Баоцайды қабылдады.

Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<